Кәсіпорын Қазалы аудандық әкімдігінің 29.08.2007 жылғы №157 қаулысына сәйкес құрылды. Балабақшада 50 бала тәрбиеленуде, 2 топ болып құрылған. «Айгөлек» ересек тобы 4-5 жас аралығы, «Балбөбек» ортаңғы тобы 3-4 жас аралығы, әр топ 25 баламен қамтылған.
Бүгінгі күнде балабақшада барлығы – 20 қызметкер жұмыс жасауда. 8 педагог маман, 12 техникалық қызметкер. Қызметкерлерге 5 күндік жұмыс аптасы белгіленген. Сенбі, жексенбі демалыс күні. Тәрбиешілерге жұмыс күнінің ұзақтығы /ауысым/ аптасына 40 сағат есебімен анықталады. Қызметкерлер 2 ауысымда жұмыс істейді:
1 ауысым- 7.45-13.00
2 ауысым-13.00-18.30